Оксфорд Университеті адамдарға алғаш вакцина егу сынақтарын бастады

Ұлыбритания Сovid-19 эпидемиясына қарсы адамдарға вакцина егу сынақтарын бастады.

1404314
Оксфорд Университеті адамдарға алғаш вакцина егу сынақтарын бастады

Ұлыбританиядағы Оксфорд Университеті жаңа тип коронавирус (Сovid-19)  эпидемиясына қарсы адамдарға вакцина егу сынақтарын бастады.

BBC-дің хабарына қарағанда вакцияна сынақтарына 2 еріктімен басталды. Бұлардың біріне Сovid-19 вакциянасы, екіншісіне бақылау мақсатты менингитке қарсы вакцияна егілді.

Еріктілер өздеріне қайсы вакциянаның егілгенін білмейді, бұл ақпарат дәрігерлерге ғана қол жетімді болады.

3 ай бойынша жетілдірілген және «ChAdOx1» деп аталған вакцина шимпанзелерде тұмауға жол ашқан бір аденовирустың генетикасы өзгертіліп өндірілді.

Вирустың генетикасы адам денесінде жетілуінің алдын алатындай өзгертіліп, Сovid-19-дың адам жасушаларына жабысатындай протеинді генетикалық заттар қосылды.

Вакцинаның вирус өндірген шеге протеиндерге жабыса отырып, оның жасушаларға енуінің алдын алатын антиденелерді өндіруі мақсат етіледі.

Араларында Түркияда бар 70-ден астам елде ғалымдар Сovid-19-ға қарсы вакцина өндіру жұмыстарын жалғастыруда.



Ұқсас жаңалықтар