Шығыс елдерде өлім-жітім артуда

Covid-19 эпидемиясымен күрес аясында шығыс елдеріндегі соңғы көрсеткіштер жарияланды.

1402199
Шығыс елдерде өлім-жітім артуда

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 170 мың 472-ден асты, расталған оқиға саны да 2 миллион 482 мың 556 болды. Жазылып кеткендер саны болса 652 мың 479-дан асып түсті.

Иранда коронавирус салдарынан қаза тапқандар саны соңғы 24 сағаттың ішінде 88 адам артып, 5 мың 297-ге, расталған оқиға саны да 84 мың 802-ге жетті.

Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған мәлімдемеде эпидемия салдарынан қайтыс болғандар санының 4 есе артып, 51-ге жеткені, Сovid-19 жұқтырған 485 адамды қосқанда, науқас саны 6 мың 264 адамға көбейгені білдірілді.

Молдова Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік сақтандыру министрлігі мағлұматтарына қарағанда көз жұмғандар санына 1 адам қосылды, жалпы қайтыс болғандар саны 68-ге жетті. Тағы 76 адамда вирус анықталды, осылайша оқиға саны 2 мың 548-ге көтерілді.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі 19 адамның қайтыс болғанын жариялап, 18 жаңа коронавирус оқиғасы тіркелгенін мәлімдеді. Сovid-19 сынамалары нәтижесінде тіркелген оқиға саны мың 775-ке жетті. Мәлімдемеде жазылып кеткендер санының 37 артып, 447-ге көбейгені білдірілді. Жазылып кеткендер арасында 82 жасар 2 адамның бар екені мәлімденді.

Әзербайжан Министрлер Кеңесіне қарасты «Сovid-19» эпидемиясымен күрес штабынан жасалған мәлімдемеге қарағанда 19 адам қайтыс болған елде оқиға саны 38-ге көбейіп, 1436-ға, жазылып кеткендер санына 79 адам қосылып 791-ге жетті.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі елде тағы 39 адамда коронавирус анықталғанын және оқиға санының мың 604-ке артқанын жариялады. Елде сауығып кеткендер санына 36 адам қосылып, жалпы жазылып кеткендер саны 261-ге көбейді. Өзбекстанда жалпы қайтыс болғандар саны 5-ке жетті.

Тәжікстан Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғаныс министрлігіне қарағанда алдынғы күні қайтыс болған прокурор Джелаладдин Пировдың өлімінен бұрын жасалған Сovid-19 сынама болымсыз шықты. Өкпе қабыну (пневмония) екені ортаға шықты. Пировдың жанұясы карантинге алынды. Министр орынбасары Шодыхон Джамшед қазірге дейін Сovid-19 оқиғасы кездеспегенін атап, шетелден оралған мың 525 адамның карантинге алынғанын еске салды.

Пәкістанда эпидемия салдарынан қайтыс болған адам саны 192-ге, расталған оқиға саны 9 мың 216-ға көбейді.

Ауғанстанда коронавирус салдарынан қайтыс болғандар саны 36 болды. Расталған оқиға саны 92-ге көбейді. Мемлекет басшысы Эшреф Гани мен жұбайының Сovid-19 сынамасының таза шыққаны, дегенмен президенттік сарайдағы 20 қызметкерде вирус анықталғаны білдірілді.

Иордания Сыртқы істер министрі Эймен эс-Сафеди Сovid-19 қаупі себепті сириялықтар өмір сүретін Рукбан босқын лагеріне Иордания арқылы жолданған көмектерге рұқсат берілмейтінін жариялады.

Оқиға саны 449 болған Палестинада мемлекет басшысы Махмуд Аббас басқыншылық астындағы Батыс Шерияда Сovid-19 эпидемиясымен күрес аясында ауқымды болып қабылданған шаралардың жеңілдетілуі үшін тапсырма берді.

Коронавирус салдарынан Израильде қайтыс болғандар саны 177-ге жетті. Оқиға саны 13 мың 713-ке көбейген елде жазылып кеткендер саны да 4 мың 49 болды.

Мароккода оқиға саны 3 мың 46-ға көбейді.

38 адам қаза тапқан Тунисте оқиға саны 884-ке ұласты.

Кувейтте 21 наурыз күні күшіне енген және сағат 17:00-04:00 арасындағы уақытты қамтитын жартылай коменданттық сағат режимін ораза айынан бастап сағат 16:00-08:00-ге өзгертуге шешім қабылданды. Елде коронавирус себепті 9 адам қаза тапты, мың 995 оқиға расталды.

Сауд Арабиясында коронавирус салдарынан ораза айында Меккедегі Харам мешіті мен Мединедегі Мәсжид-үн-Нәби мешітінде тарауық намазының жамағатсыз оқылатыны білдірілді.

Африка елдерінен Гана, Руанда және Бенинде болса «Сovid-19» эпидемиясымен күрес аясында көшеге шыққандарға маска тағу мәжбүр болды.

7 адам қатыс болған Шри-Ланкада 304 оқиға анықталды.



Ұқсас жаңалықтар