Ливия Ұлттық үкіметі 7 аудан мен 1 қаланы көтерілісшілерден тазалады

Ливия Ұлттық Үкіметі Триполидің батысындағы операцияларда 6 бронды көлік пен 10 танкті қолға түсірді.

1397750
Ливия Ұлттық үкіметі 7 аудан мен 1 қаланы көтерілісшілерден тазалады

Ливия Ұлттық Үкімет күштері бас қала Триполидің батысындағы операцияларда 6 бронды көлік пен 10 танкті қолға түсірді.

Ливия Ұлттық Үкіметі мәлімдемешісі полковник Мұхаммед Кануну жасаған жазбаша мәлімдемеде елдің шығысындағы көтерісшіл Халифа Хафтер күштерінің бақылауындағы қалаларға кеше жасалған операцияда жүздеген ауыр және жеңіл қарулар, град зымырандары мен оқ-дәріге қоса Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) тиесілі  6 бронды көлік пен 10 танкті қолға түсіргенін білдірді.

Мәлімдемеші Кануну «Бейбітшілік дауылы» операциясы аясында кеше бас қала Триполидің батысында орын алған Сурман, Әл-Джемил, Әл-Уджейлат, Рикдалин, Мелите, Зелтан және Әл-Ассе аудандарына қоса Сабрата қаласын Хафтер күштерінен кері қайтарып, бақылауға алғандарын атап көрсетті.

Ливия Ұлттық Үкіметі Мисрата қаласынан Тунис шекарасына дейін созылған шамамен 3 мың шақырымдық алаңды көтерісшіл Хафтер күштерінен кері қайтарды.

Ливия Ұлттық Үкімет премьер-министрі Файиз эс-Серрадж болса өткізген баспасөз жиналысында қақтығыстарда залалсыздандырылған Хафтерге қарасты ақылы әскерлердің мәйіттерінің куәліктерімен бірге елдеріне жіберілуін тапсырды.

Серрадж бұл тақырыпта сыртқы істер министрлігене бұйық берді.

Ақылы әскерлердің өлім себептерін жазуға шешім қабылданғанын атап көрсеткен Серрадж аталмыш ел биліктерінің өз азаматтарының не істеп жүргенін білу керектігіне назар аударып, осы әдісті іске қосуға шешім қабылданғанын мәлімдеді. 

Серрадж Ішкі істер министрлігіне де Хафтер күштерінен тазаланған аудан мен қалаларда тұрақтылықты қайта қамтамасыз ету үшін тапсырма берді.



Ұқсас жаңалықтар