Әлемде коронавирустан 120 мың адам қайтыс болды

Америка Құрама Штаттарында вирус салдарынан көз жұмған адам саны 23 мыңға ұласты.

1397614
Әлемде коронавирустан 120 мың адам қайтыс болды

Әлем бойынша коронавирустан қайтыс болған адам саны 120 мыңға жетті. Оқиға саны 1 миллион 926 мыңнан асса, жазылғандар саны 452 мыңнан асты. 

Індеттің орталығына айналған Америка Құрама Штаттарында вирус салдарынан көз жұмған адам саны 23 мың 644ке ұласса, оқиға саны 560 мың 155 болды. Нью-Йорк қаласында 10 мың адам қайтыс болды. 

Италияда бір күннің ішінде тағы 566 адам вирустың кесірінен көз жұмды.Италияда барлығы 20 465 адам коронавирустан қайтыс болды. Италияда коронавирусты тағы 3 153 адам жұқтырғаны белгілі болды. Бұл елде COVID-19-ды жалпы 159 516 адам жұқтырған.

Испанияда соңғы тәулікте 567 адам қайтыс болды. Ел көлемінде қайтыс болған адам саны 18 мың 56-ға шықты.

Францияда коронавирус індетінен соңғы 24  сағатта тағы  574 адам көз жұмды. Осылайша ел көлемінде қайтыс болған адам саны 14 мың  967-ке көтерілді. Францияда коронавирусқа байланысты қойылған шектеулер 11 мамырға дейін ұзартылды.

Ұлыбританияда жаңа коронавирус салдарынан соңғы 24 сағатта 717 адам көз жұмып, қайтыс болған адам саны 11 мың  329-ға жетті. Мемлекетте оқиға саны  88 мың 621-ге шықты. 

Балкан елдерінде де вирус салдарынан қайтыс болған саны күн сайын артуда. 

Сербияда коронавирустан 85 адам көз жұмса, оқиға саны 4 мың 54-ке көтерілді.  

Черногорияда жаңа коронавирус салдарынан 3 адам қайтыс болса, оқиға саны 273-ке ұласты. 

Албанияда вирустан 23 адам көз жұмды. Мемлекетте оқиға саны  467-ге жетті. 

Хорватияда жаңа коронавирус салдарынан 50 адам қайтыс болды. Мемлекетте оқиға саны 1 мың 650-ге шықса,  400 адам жазылып шықты. 

833 адам қайтыс болған Канадада оқиға саны 25 мың 680-ге көтерілді. 

Жаңа Зеландияда болса 9 адам көз жұмды. Мемлекетте оқиға саны 1 мың 366-ға шықты.  

Бразиялияда коронавирус салдарынан соңғы 24 сағатта тағы 105 адам қайтыс болды. Осылайша ел көлемінде қайтыс болған адам саны 1 мың  328-ге ұласты. Оқиға саны 23 мың 430-ға көтерілді. 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар