АҚШ-та демократтардың президенттік сайлаудағы үміткері Джо Байден

АҚШ-тың Висконсин штатында болып өткен сайлауда Джо Байден жеңіске жетті.

1397592
АҚШ-та демократтардың президенттік сайлаудағы үміткері Джо Байден

АҚШ-тың Висконсин штатында демократтар арасында болып өткен сайлауды бұрынғы вице-президент Джо Байден жеңіп алды.

Елдегі жаңа тип коронавирус (Сovid-19) эпидемиясына қарамастан болып өткен сейсенбі күнгі  алдын ала сайлаудың қорытындысы жарияланды.

AP хабар агенттігі жариялаған бейресми қорытындыға қарағанда, демократ үміткерлер Джо Байден мен Берни Сандерс арасында Висконсин штатында алдын ала болып өткен сайлауда Байден 63 пайыз, Сандерс 30 пайыз дауыс жинады.

Сандерс аталмыш сайлаудың артынан президенттік сайлау жарысынан бас тартқанын мәлімдесе, Байден демократтардың жалғыз үміткері болып жарысады.



Ұқсас жаңалықтар