Хафтердің тікұшағы құлатылды

Ливия үкіметі елдің шығысындағы заңсыз күштердің лидері Халифа Хафтерге қарасты әскери тікұшақты құлатты.

1396609
Хафтердің тікұшағы құлатылды

Ливия үкіметі елдің шығысындағы заңсыз күштердің лидері Халифа Хафтерге қарасты әскери тікұшақты құлатты. 

Мисратаның оңтүстігінде 35 сарбаз залалсыздандырылды. 

Ливияның БҰҰ тарапынан  танылған Ұлттық келісім үкіметі әскери жасақтарының мәлімдемешісі Мұхаммед Кунунудың жасаған жазбаша мәлімдемесінде Триполи үкіметіне қарасты әуе күштері астана Триполидің 200 километр шығысындағы Мисрата қаласы маңында Хафтер сарбаздарына қарасты Ресейде жасалған Ми-35 типті соғыс тікұшағын құлатқан.

Қытайда жасалған 2 адамсыз әуе көлігін де құлатқандарын білдірген Кунуну құлаған тікұшақтағылардың барлығы өлгенін жариялады. Алайда тікұшақтағы адам саны жайлы мәлімет бермеді.

Ливия Ұлттық келісім үкіметіне қарасты Ашу волканы операциясының баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеде Хафтер сарбаздарының Вешка және Мисрата қалаларының оңтүстігіндегі Әбу Курейн аймақтарына шабуыл жасағаны хабарланды.

Шабуылдың кері қайтарылғаны айтылған мәлімдемеде Хафтердің 35 сарбазының залалсыздандырылғаны және кптеген сарбаздың құтқынға алынғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар