Хафтер сарбаздары емханаға шабуыл жасады

Хафтер сарбаздары астана Триполиде жаңа типті коронавирус (Сovid-19) науқастары емделіп жатқан емхананы үшінші мәрте нысанаға алды.

1394979
Хафтер сарбаздары емханаға шабуыл жасады

Ливияның шығысындағы заңсыз қарулы күштердің лидері Халифа Хафтер сарбаздары астана Триполиде жаңа типті коронавирус (Сovid-19) науқастары емделіп жатқан емхананы үшінші мәрте нысанаға алды.

БҰҰ тарапынан танылған Ұлттық Келісім үкіметіне қарасты Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат бюросынан жасалған жазбаша мәлімдемеде заңсыз қарулы күштердің лидері Халифа Хафтер сарбаздарының жаңа типті коронавирус (Сovid-19) науқастарын емдеу орталықтарының бірі деп белгіленген Әл-Хадра емхананасының дәрі-дәрмек қоймасын Гранд зымырандарымен нысанаға алғаны білдірілді.

Шабуыл кезінде дәрі қоймаларында өрт шыққаны хабарланған мәлімдемеде аймаққа жолданған топтардың өрт сөндіру жұмысын бастағаны хабарланды.

Дәрі-дәрмек қоймасының шабуылда ауыр зақымдалғаны, жан шығыны болмағаны білдірілген мәлімдемеде Хафтер сарбаздарының емхананы 4 күнде 3 мәрте нысанаға алғанына назар аударылды.  



Ұқсас жаңалықтар