Италияда соңғы тәулікте 610 адам қайтыс болды

Коронавирустың жаңа түріне байланысты өлім-жітім әлем көлемінде 94 мыңнан асты.

1395100
Италияда соңғы тәулікте 610 адам қайтыс болды

Коронавирустың жаңа түріне байланысты өлім-жітім әлем көлемінде 94 мыңнан,  расталған оқиға саны 1 миллион 600 мыңнан  асты. 

Италияда соңғы тәулікте 610 адам қайтыс болды. Жалпы өлім-жітім 18 279. Елде расталған оқиға саны 96 877 болды. 

Испанияда коронавирус салдарынан қайтыс болған адам саны 15 мың 843-ке шықса, оқиға саны  152 мың 446-ға көтерілді. 

Францияда жаңа типті коронавирус эпидемиясынан қайтыс болғандар саны 12 210-ға көтерілді. Соңғы 24 сағатта 4286 жаңа оқиға тіркелді. Осылайша ел көлемінде оқиға саны 88 334 болды.

Ұлыбританияда соңғы тәулікте 881 адам көз жұмды. Мемлекетте қайтыс болған адам саны 7978-ге шықса, емделіп жатқан адам саны 16 784. Жазылып шыққан адам саны 350 мыңнан көп.

Көз жұмған адам саны 2 мың 431-ге жеткен Германияда тағы 7 түрік коронавирус салдарынан қайтыс болды. 

Бельгияда жаңа типті коронавирустан 3 мың 19 адам көз жұмды. Мемлекетте оқиға саны 26 мың 667-ге ұласты. 

Америка Құрама Штаттарында 4 мың 831 адам коронавирустан көз жұмды. Мемлекетте коронавирус жұқтырған адам саны 42 мың 579-ға ұласты. 

Австралияда тағы 3 адам коронавирус салдарынан қайтыс болды. Осылайша мемлекетте көз жұмған адам саны 54-ке шықса, оқиға саны 6 мың 204-ке ұласты. 

Бразилияда коронавирус салдарынан көз жұмған адам саны 941-ге көтерілсе, вирус жұқтырған адам саны 17 мың 857 -ге шықты. 

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар