Коронавирустан 87 мыңнан астам адам қайтыс болды
Расталған оқиға саны бір жарым миллионнан асты.
1394293
![Коронавирустан 87 мыңнан астам адам қайтыс болды](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/6f7f/adf2/b869/5e8da8ee35a44.jpg?time=1718452625)
Коронавирустың жаңа түріне байланысты өлім-жітім әлем көлемінде 87 мыңнан, расталған оқиға саны бір жарым миллионнан асты.
Өлім саны бірнеше күннен бері төмендеп келе жатқан Италияда соңғы 24 сағатта 542 адам қайтыс болды. Жалпы өлім-жітім 17 669. Елде расталған оқиға саны 95 262 болды.
Францияда жаңа тип коронавирус эпидемиясынан қайтыс болғандар саны соңғы 24 сағатта 541. Барлық адам шығыны 10 869-ға жетті. Оқиға саны болса 112 950-ге жетті. Коронавирус салдарынан елде 6,3 миллион адамның жұмыссыз қалғаны білдірілді.
Ұлыбританияда коронавирустың жаңа түріне байланысты соңғы 24 сағатта 938 адам қайтыс болды. Жалпы өлім-жітім 7 097 -ге жетті.
Швецияда қайтыс болғандар саны 687 -ге жетті. Елде вирус жұқтырғандар саны да 8 419 болды.