Испания мұсылмандар лидері Татари қайтыс болды

Испания Ислам Комиссиясы төрағасы Риай Татари коронавирус салдарынан қайтыс болды.

1392591
Испания мұсылмандар лидері Татари қайтыс болды

Испания Ислам Комиссиясы төрағасы Риай Татари коронавирус салдарынан қайтыс болды. Сирия текті және 1960-шы жылдары Испанияға барған, сондай-ақ ұзақ жылдардан бері Мадрид орталық мешітінің имамдық міндетін атқарған 72 жасығдағы Татари жаңа типті коронавирус салдарынан Мадридтегі ауруханада көз жұмды. Испаниядағы мұсылман қауымының ең әйгілі лидері ретінде танылған Татаридің қайтыс болуына орай Католик және Иудей қоғамдарымен қатар Мадрид архиепискобы Карлос Осоро Сиерра көңіл айтты. 

Түркия елшілігі де твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде: "Коронавирус салдарынан қайтыс болған Испания Ислам Комиссиясы төрағасы Риай Татаридің жатқан жері жаннатта болсын. Отбасына және Испаниядағы мұсылман қауымына көңіл айтамыз" деген сөздер қолданды. 

Татаридің жұбайының жағдайы да ауыр екені білдірілді. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар