Жарғанат жеуге тыйым салынды

Габонда коронавирус себебімен панголин және жарғанат жеу және сатуға тыйым салынды.

1392157
Жарғанат жеуге тыйым салынды

Африкадағы Габонда коронавирус себебімен панголин және жарғанат жеу және сатуға тыйым салынды. 

Габон Орман және Су министрі Ли Уайт коронавирустың жаңа түрінің таралуына себеп болды деген күдікпен панголин және жарғанат түрлерін сатуға және етін жеуге тыйым салынғанын білдірді.

Тұқымы таусылуға айналған панголиндердің қорғауға алынғанын айтқан министр тыйымға бағынбағандардың жазаландырылатынын білдірді. 

Министр вирустың осы екі жануар түрімен байланысының бар екенін көрсететін ғылыми жұмыстар жүргізілгенін атап көрсетті. 

Габонда наурыз айының ортасында жануарлар бағы жабылып,  саябақ қызметкерлері карантинге алынған болатын.



Ұқсас жаңалықтар