Патшайым ағылшындарға үн қатады

Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета коронавирсутың жаңа түріне мыңдаған құрбан берген ағылшындарға үн қатады.

1391068
Патшайым ағылшындарға үн қатады

Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета коронавирсутың жаңа түріне мыңдаған құрбан берген ағылшындарға үн қатады. 

Букингем сарайынан хабарлама жарияланып,  Патшайымның коронавирус эпидемиясына байланысты видео материал түсіргені және оның жексенбі күні кешке жарияланатыны білдірілді. 

Эпидемия себепті жұбайы Ханзада Филлиппен бірге Лондондағы Букенгем сарайынан 35 км қашықтықтағы Винсор қамалына орналасқан 93 жасар Патшайым халыққа үн қатады. 

Тақтағы 68 жылында тек төрт рет халыққа үн қатқан Патшайымның жексенбі күнгі сөзі сондықтан өте маңызды. 

Патшайым бұдан бұрын 1991 жылы Шығанақ соғысында, 1997 жылы Ханшайым Диана қайтыс болғанда, 2002 жылы анасы қайтыс болғанда және соңғы рет 2012 жылы тақтағы 60 жылдығына орай ағылшындарға үн қатқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар