Әлемде коронавирустан 53 мың 245 адам қайтыс болды

Иранда коронавирус салдарына 3 мың 160 адам көз жұмды.

1390308
Әлемде коронавирустан  53 мың 245 адам қайтыс болды

Әлемде жаңа типті коронавирустан қайтыс болған адам саны 53 мың 245-ке жетсе,

оқиға саны 1 миллион  16 мың 793-ке көтерілді.  213 bin 164 адам жазылып шықты. 

Қытайдың Хубэй провинциясында тағы 4 адам көз жұмды. Осылайша Қытайда вирус 

салдарынан қайтыс болған адам саны 3 мың 322-ге көтерілді. 

Солтүстік Кореяда осы таңға дейін ешбір оқиға байқалмады. 

Ресейде соңғы тәулікте қайтыс болған адам саны 34-ке жетсе, ел көлемінде 

оқиға саны  4 мың  149-ға көтерілді.  

Иранда коронавирустан 3 мың 160 адам көз жұмды. Мәжіліс төрағасы Али Ларижанидің де 

коронавирусқа шалдыққаны білдірілді. Иран мәжілісінде оқиға саны 23-ке көтерілді. 

Иракта жаңа типті коронавирус салдарынан көз жұмған адам саны 54-ке жетті. 

Ел көлемінде оқиға саны  722 болды. 

Сирияда коронавирс жұқтырған адам саны 16-ға ұласты. 

Палестина үкіметінің жазбаша мәлімдемесінде тағы 5 адамның вирус

жұқтырғаны  және жалпы оқиға санының 160-қа көтерілгені білдірілді. 

37 адам қайтыс болған Израильде оқиға саны  7 мың 30-ға шықты. 

Ливияда коронавирус салдарынан 2 адам көз жұмды. 

Қайтыс болған адам саны 58-ге жеткен Мысырда оқиға саны  865-ге ұласты. 

Мароккода коронавирс жұқтырған адам саны 708 öболды. 

Тунисте жаңа типті коронавирус салдарынан көз жұмған адам саны 13-ке жетсе,

оқиға саны 500-ге ұласты. 

Жаңа типті коронавирустан қайтыс болған адам саны Катарда 3-ке, Иорданияда 

 5-ке көтерілді. Оқиға саны Біріккен Араб Әмірліктерінде 1 мың 42-ге, Бахрейнде 

 643-ке жетті. Суданда коронавирус анықталған адам саны 8 -ге ұласты. 

Тогода вирус салдарынан 2 адам көз жұмды. Мемлекетте оқиға саны  39-ға ұласты,

17 адам жазылып шықты. 

Камерунда 284 адам коронавирус жұқтырды. Бұлардың 7-і қайтыс болды,

10-ы жазылып шықты.Бурундиде 2 адамда коронавирус болғаны анықталды.  

Қырғызстанда алғаш коронавирус анықталған бір науқас көз жұмды. 

Өзбекстан Қырғызстанға 1 мың тонналық ұн жіберді. 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар