Талибан Ауғанстанда 20 қауіпсіздік қызметкерін өлтірді

Талибан Тахар және Забул провинцияларына шабуылдады.

1387680
Талибан Ауғанстанда 20 қауіпсіздік қызметкерін өлтірді

Ауғанстанның Тахар және Забул провинцияларында Талибан содырлары жасаған шабуылдарда 20 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.

Тахар полиция департаментінің мәлімдемешісі Халил Эсир баспасөзге жасаған мәлімдемеде содырлардың Тахардың Ходжа-и Гар қаласына шабуыл жасағанын айтты.

Шабуылда 14 қауіпсіздік қызметкері мен бір бейбіт адамның қаза тапқанын білдірген Есир 5 қауіпсіздік қызметкерінің де жараланғанын айтты.

Эсир қосымша жасақтардың ауданға ұласуымен содырларға тойтарыс берілгенін білдірді.

Ауғанстан Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде содырлардың Забул уәлаятына қарасты Аргандаб ауданындағы әскери учаскеге шабуылдағанын және 6 қауіпсіздік қызметкерінің өлтірілгенін жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар