Әлем бойынша оқиға саны 500 мыңнан асты

АҚШ-та коронавирусқа шалдыққандар саны Қытайдан асып түсті.

1385876
Әлем бойынша оқиға саны 500 мыңнан асты

Жаңа типті коронавирус салдарынан әлем бойынша көз жұмған адам саны 22 мыңға жетсе, оқиға саны  500 мыңнан асты. 

Италияда  жаңа типті коронавирус салдарынан соңғы 24 сағатта тағы 712 адам көз жұмды. Осылайша мемлекетте  қайтыс болған адам саны 8 мың 215-ке көтерілді. Оқиға саны  62 мыңнан асты. 

Испанияда коронавирус салдарынан көз жұмған адам саны 4 мың  89-ға шықса, 

оқиға саны 56 мың  188-ге көтерілді. Мемлекетте  29 наурызда аяқталатын төтенше жағдай мерзімі 11 сәуірге дейін ұзартылды. 

Францияда  соңғы 24 сағатта тағы  365 адам қайтыс болып,  жаңа типті коронавирус салдарынан көз жұмған адам саны 1696-ға көтерілді. 

Қайтыс болған адам саны 434-ке шыққан Голландияда оқиға саны  7 мың 431-ге ұласты.  

Ұлыбританияда жаңа типті коронавирус салдарынан көз жұмған адам саны 578-ге, 

оқиға саны  11 мың 658-ге көтерілді. 

Америка Құрама Штаттарында жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 1177-геоқиға саны 82 мың 180-ге көтерілді. Осылайша АҚШ оқиға саны тұрғысынан Қытай мен Италияны артқа тастады. 

Тек Нью-Йорк қаласының өзінде ауруханаға апарылғандар саны бір күнде 40 пайыз артып,5 мың 327 болды. 

 



Ұқсас жаңалықтар