Иранда қайтыс болған адам саны 1685-ке ұласты

Әлем бойынша жаңа типті коронавирус салдарынан көз жұмғандар саны 14 мыңнан асты.

1382972
Иранда қайтыс болған адам саны 1685-ке ұласты

Әлем бойынша жаңа типті коронавирус салдарынан көз жұмғандар саны 14 мыңнан асты және оқиға саны 330 мыңға жетті.

Қытайда вирус салдарынан 3 мың 261 адам көз жұмса, оқиға саны 81 мың 54 болды.

Иранда қайтыс болған адам саны 1685-ке ұласты.

Иракта індет кесірінен қайтыс болған адам саны 20-ге шықты және оқиға саныны 233 ретінде тіркелді.

Палестина премьер-министрі Мухаммед Штайе жаңа типті коронавируспен күресу аясында кеше түнгі сағат 22.00-ден бастап көшеге шығуға тыйым салынғанын білдірді.

Израильде коронавирустан бір адам көз жұмды. Оқиға саны 1071-ге шықты.

Ливанда оқиға саны 230-ға көтерілді. Премьер-министр Хасан Дияб азаматтардың үйде жұмыс істеулері жайлы үндеу тастады.

Алжирде вирус салдарынан қайтыс болған адам саны 15-ке және оқиға саны 139-ға көтерілді.

Тунисте жаңа типті коронавирустан көз жұмға адам саны 3-ке, оқиға саны 75-ке ұласты. Мемлекеттің бүгіннен бастап 4-ге дейін карантинге алынатыны білдірді.

Сенегалда оқиға саны 56-ға жетті.

Сирияда шетелден қайтқан бір адамда мемлекеттің алғашқы жаңа типті коронавирус оқиғасының анықталғаны баяндалды.

Жаулау астындағы Шығыс Иерусалимде орын алған Эль-Масджид эль-Аксада жаңа типті коронавируспен күресу аясында сәресі намазынан бастап барлық ғибадат орны жабылды.

Малайзияда вирус салдарынан қайтыс болған адам саны 10-ға шықты және оқиға саны 1306-ға көтерілді.

Мароккода оқиға саны 104-ке жетсе, Сауд Арабиясында 511-ге ұласты.



Ұқсас жаңалықтар