Грекияның босқындарға қарсы қылмысы айқындалды

Халықаралық Адам құқықтары бақылау ұйымы ауқымды бір рапорт дайындады.

1381116
Грекияның босқындарға қарсы қылмысы айқындалды

Түркияның босқындар үшін шекара қақпаларын ашуының артынан Түркия-Грекия шекара желісінде шыққан оқиғалармен байланысты Адам Құқықтары бақылау ұйымы ауқымды бір рапорт пен сараптама дайындады.

Түркия-Грекия шекараларындағы адамзаттық трагедиямен байланысты Түркияны жиі сынға алған және айыптаған Грекияның босқындарға қатал күш қолданғаны айқындалды.

Рапортта «Грек қауіпсіздік күштері мен куәлігі белгісіз адамдар шекарада босқындарды тергеуге алды, сексуалды шабуыл жасады, тонады және Түркияға қайтарды» делінді.

Басқа жағынан Еуроодаққа өту үшін шекарада күткен босқындарға Грекия кеше де көз жасаурататын газ бомбаларымен шабуылдады.

Ормандық алаңда жиналған босқындар бірден Арда өзені маңынан Грекия шекарасына қарай қозғалды.

Мыңдаған босқынды көрген грек әскерлері аспанға оқ атып, көз жасаурататын бомбалар тастады. Газдың салдарынан көптеген босқынның науқастанғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар