Грекияға өткен босқын саны 147 мың 132 адамға ұласты

Эдирне губернаторлығы босқын толқыны басталғалы Грекияға 147 мың 132 адамның өткенін жариялады.

1379834
Грекияға өткен босқын саны 147 мың 132 адамға ұласты

Губернаторлық жасаған мәлімдемеде ағымдағы жылы 27 ақпан күнінен бері Түркияның әртүрлі аймақтарынан шекара желісіне босқын ағыны басталғаны атап көрсетілді.

Шекара желісіндегі жасақтардың Грекияға өтуді тіркеп, Эдирне губернаторлығына хабарлағаны атап көрсетілген мәлімдемеде «2020 жылы 27 ақпан күнінен бастап қазірге дейін Эдирне шекарасынан Грекияға 4-ші Механикаландырылған жаяу әскерлер бригадасы аймағынан 55 мың 904, 54-ші Механикаландырылған жаяу әскерлер бригадасы аймағынан 91 мың 228, барлығы 147 мың 132 босқын өтті. Еуроодаққа өту процесі жалғасуда» делінді.

Мәлімдемеде Грекияның босқындарға бағытталған қатыгез ұстанымы жайлы мағлұмат беріліп, грек шекаралық қауісіздік күштерінің көз жасаурататын газ, тұман мен дыбыс бомбаларына қоса қолданған пластикалық және нағыз оқтармен жасаған операциялары нәтижесінде 3 босқынның қаза тапқанына назар аударылды.

Мәлімдемеде «Грекия жасаған операциялар нәтижесінде 3 босқын қаза тауып, 214 босқын да әртүрлі жарақат алды. Емделген 206 адам ауруханадан шықса, 8 босқынның емдері жалғасуда. Сондай-ақ бұл мерзім ішінде 7 мың 96 босқын әртүрлі себептермен ауруханаларға барған және медициналық жәрдем жасалған болатын. 1581 балаға қызылша мен палионға қарсы вакцина, 44 жүкті әйелге сірелпеге қарсы вакцина егілді. Грекия шекара қауіпсіздік күштерінің зорлық-зомбылық көрсеткен операциялары барысында жарақат алған 1 адам мен қаза тапқан 3 босқын өздері немесе туыс-тамырлары арқылы Еуропалық Адам құқықтары сотына шағымданды. Ұқсас зұлымдықтарға дұшар болған 25 босқынмен байланысты заңды процест Түркия Адвокаттар Одағы тарапынан қадағалануда» делінді.



Ұқсас жаңалықтар