Тайландта мемлекеттік мекемеге бомбалы шабуыл

Бомба тиелген көлік және гранатамен жасалған шабуылда кем дегенде 20 адам жарақат алды.

1379485
Тайландта мемлекеттік мекемеге бомбалы шабуыл

Тайландтың оңтүстік шекара қаласы Ялада бір мемлекеттік мекеме ғимаратына жасалған бомбалы шабуылда кем дегенде 20 адам жарақат алды.

Тақырыппен байланысты полковник Прамоте Пром-ин шабуылда граната мен бомба тиелген көлік қолданылғанын мәлімдеді.

Прамоте жүздеген адамға жаңа коронавирус (Сovid-19) эпидемиясы тақырыбында мағлұмат берілген кезде бомбалы шабуылдың жасалғаны білдірілді.

Шабуылды қазірше ешбір ұйым мойындамады. Жарылыс салдарынан 1 адам ауыр күйде, барлығы 20 жаралының аурухана жеткізілгені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар