Жаңа вакцина сынақтан өтеді

Вакцина бүгін бірінші рет Вашингтон штатында сынақтан өткізіледі.

1378689
Жаңа вакцина сынақтан өтеді

Америка Құрама Штаттарында дайындалған коронавирустың жаңа түріне арналған вакцина бүгін бірінші рет Вашингтон штатында сынақтан өткізіледі.

Американың AP ақпарат агенттігінің хабарында Ұлттық Денсаулық институттары тарапынан қаржыландырылған вакцинаның сынағы Сиэтлдағы Зерттеу институтында өткізілетіні айтылған.

Сынақ ерікті 45 адамда жасалады. Дені сау адамға жасалатын сынақ барысында адамдарға вирус жұқпайды,  тек вакцинаның әсері сыналады.

Лауазым иелері коронавирус эпидемиясына душар болған науқастарда қолданылатын бір вакцинаның жетілдірілуі үшін 8 ай -1 жыл уақыт керектігіне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар