Грекияда тұңғыш әйел президент ант ішті

Грекияның тұңғыш әйел президенті Екатерина Сакеллорапулу ант ішіп, міндетке бастады.

1377950
Грекияда тұңғыш әйел президент ант ішті

Грекияның тұңғыш әйел президенті Екатерина Сакеллорапулу ант ішіп, міндетке бастады. 

Астана Афиныдағы 300 орынды Грек Парламентінде ұйымдастырылған ант ішу рәсіміне премьер-министр Кириакос Мицотакис, кабинет мүшелері, саяси партия лидерлері, депутаттар және қонақтар қатысты.

"Грекияның тұңғыш әйел президенті"  атағын алған Екатерина Сакеллорапулу Грекия Бас Архиепискобы Иеронимос басқарған діни рәсімде ант ішкеннен кейін парламент алдындағы Синтагма алаңындағы Атсыз әскерлер ескерткішіне әскерлердің қатысуымен гүл шоғын қойды.

Рәсімнен кейін Президенттік сарайға барған Екатерина Сакеллорапулу 5 жылдық міндетін бұрынғы әріптетсінен өткізіп алды. 

Премьер-министр Мицотакис төраға болған Жаңа Демократия партиясының үміткері Екатерина Сакеллорапулу 22 қаңтарда өткен сайлауда 294 депутаттың 261-інің "мақұл" дауысымен  перзидент болып сайланды.

Екатерина Сакеллорапулу елде әсіресе қоршаған орта, азсандылар және босқын құқықтарындағы сезімталдығымен танымал.



Ұқсас жаңалықтар