Иранда жасанды ішімдіктен адамдар қайтыс болды

Хузистан және Элброз уәлаяттарында жасанды ішімдік салдарынан 33 адам қайтыс болды.

1375337
Иранда жасанды ішімдіктен адамдар қайтыс болды

Иранның оңтүстігіндегі Хузистан және Элброз уәлаяттарында жасанды ішімдік салдарынан 33 адам қайтыс болды.

Иран мемлекеттік медиасының хабарына қарағанда,  Хузистанның орталық қаласы Ахвазда тағы алты адам қайтыс болып,  жасанды ішімдіктен қайтыс болғандар саны артты. Жасанды ішімдік ішіп уланған адам саны 265.

Кереч бас прокурорының орынбасары Мұхаммед Агаяри де Элброз уәлаятында жасанды ішімдіктен уланған адамдардың жетеуінің қайтыс болғанын білдірген болатын. Ол кейбір азаматтардың «алкоголь жаңа типтегі коронавирусқа ем» деген қауесеттерге сеніп,  ішімдік ішкенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар