АҚШ Сирияға әскер жібермейді

Милли «Түркия-Сирия шекарасына тағы да әскер жіберу жоспарымыз жоқ» деді.

1367389
АҚШ Сирияға әскер жібермейді

АҚШ Сирияға әскер жібермейді.

Америка Құрама Штаттары Бас штаб төрағасы генерал Марк Милли мемлекетінің Сирияның солтүстік-шығысында түрік шекараларына жақын аймақтарға тағы да әскер жіберуді жоспарламағанын айтты.

Марк Милли АҚШ Қорғаныс министрі Мар Эсперпен бірге Өкілдер мәжілісі қарулы қызметтер комитетінде 2021 жылғы қорғаныс бюджетіне байланысты сұрақтарға жауап берді.

«АҚШ-тың Сириядағы әскери күштеріне» байланысты сұраққа жауап берген Милли Түрік Қарулы күштерінің Сириядағы Бейбітшілік бұлағы операциясынан бұрын осы саладағы Арнайы жасақтар әскерлерінің шегінгенін, сондай-ақ шекара аймақтарындағы әскерлердің болса шығысқа апарылғанын еске салды.

Милли «Сириядағы миссиямыз өзгерген жоқ. Миссиямыз Сирияның шығысында ДАИШ-пен жүргізген күресте болып табылады. Түркия-Сирия шекарасына тағы да әскер жіберу жоспарымыз жоқ» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар