Германияда нәсілшілдікке қарсы наразылық шеруі

Германияда он мыңдаған адам Ханау қаласында жасалған нәсілшіл шабуылды протест етті.

1365338
Германияда нәсілшілдікке қарсы наразылық шеруі

Германияда он мыңдаған түрік Гессен штатына қарасты Ханау қаласында 19 ақпан күні екі бөлек кафеге жасалған және 4 түрік, барлығы 10 адам қаза тапқан қарулы шабуылдың артынан террор және Исламофобияға қарсы шеруге шықты.

Курт-Шумахер (Kurt-Schumacher) алаңынан басталған шеру Маркплацқа дейін жалғасты.

Шеруге Германияның басқа қалаларынан, Еуроодақтың әртүрлі елдері мен Түркиядан келген мыңдаған адам «Террор мен Ислам дұшпандығына қарсы» ұран тастады.

Қаланың орталық  алаңында Құран және неміс тіліндегі түсініктемесі қоса шабуылда қаза тапқандар үшін дұға оқылған шеруге немістер мен басқа ұлт өкілдері де қатысты.



Ұқсас жаңалықтар