Еуроодақ коронавирусты талқылау үшін бас қосады

Коронавирус инфекциясы себепті жан шығыны 909 кісіге жетті, вирусты жұқтырған кісі саны 40 мың 613

1356789
Еуроодақ коронавирусты талқылау үшін бас қосады

Еуропа Одағы Денсаулық министрлері Қытайдың Ухан қаласында пайда болған жаңа типті коронавирус инфекциясын талқылау үшін кезектен тыс бас қосады.

Жиналыс 13 ақпан бейсенбі күні ұйымдастырылады.

Еуропа Одағы комиссиясының мәлімдемешісі Денсаулық министрлерінің Қытайдың Ухан қаласында пайда болған жаңа типті коронавирус инфекциясына байланысты дамуларды қолға алатынын білдірді

Еуропа Одағы өткен апта жаңа типті коронавирус инфекциясының зерттелуі мақсатымен 10 миллион еуролық қаржы бөлінетінін жариялаған.

Қытайдың Ухан қаласында пайда болған жаңа типті коронавирус инфекциясы себепті жан шығыны 909 кісіге жетті, вирусты жұқтырған кісі саны 40 мың 613-ке көбейді.

 



Ұқсас жаңалықтар