АҚШ-қа эвакуацияланғандар арасында коронавирус анықталды

Қытайдан АҚШ-қа эвакуацияланғандар арасынан бір жолаушыда коронавирус анықталды.

1357326
АҚШ-қа эвакуацияланғандар арасында коронавирус анықталды

Калифорния штатындағы «UC San Diego Health» ауруханасы лауазымдылары бақылаудағы 4 науқастың біреуінде коронавирус анықталғанын білдірді.

Эвакуацияланғандар ішінде Мирамар қаласынан екі адамның да бақылау үшін ауруханаға апарылғанын атап көрсеткен лауазымдылар екі науқастың денсаулығының жақсы екенін мәлімдеді.

Осылайша Калифорнияда коронавирус анықталған адам саны 7-ге жетті. Лауазымдылар АҚШ-тағы жалпы коронавирус жұққандар санының 13-ке ұласқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар