Қытайға қайтадан рейс бастатты

Пәкістан азаматтарын эвакуацияламайды.

1352955
Қытайға қайтадан  рейс бастатты

Пәкістан жаңа типтегі коронавирус салдарынан өткен апта тоқтатылған рейстерін қайта бастады. Қытай рейсімен Пәкістанның 57 азаматы елге оралды.

Авиация министрлігінің баспасөз хатшысы Дурия Амирдің мәліметіне қарағанда,  рейстер қайта басталғаннан кейін Пекиннен көтерілген екі ұшақ Пәкістанның Исламабад және Карачи қалаларына қонды.

Пәкістан Денсаулық сақтау министрі Зафер Мирза әлеуметтік желіден жазба жариялап,  Бүкіләлемдік Денсаулық ұйымының эвакуацияға кеңес бермегенін еске салды. «Аурудың тарауына себеп болғымыз келмейді.  Кейбір елдер жасағандай біз азаматтарымызды эвакуацияламаймыз.  100 шақты ел азаматтарын Ухан қаласынан және Қытайдан эвакуацияламады» деді ол.

Қытайда шамамен 30 мың шақты Пәкістан азаматы тұрады. Коронавирус тараған Ухан қаласында Пәкістанның 500 студенті білім алады.

Денсаулық сақтау министрлігі өткен аптада 4 студентте вирус анықталғанын білдіріп,  Пәкістанда әлі вирус кездеспегенін мәлімдеген болатын.

Вирустың Пәкістанға жұғуының алдын алу мақсатында рейстер тоқтатылып, екі ел арасындағы жалғыз шекара қақпасының ашылуы кешіктірілген болатын.  Карачи портында болса қытайлық экипаж бен кемедегі тауарлар үшін бақылау басталған болатын.



Ұқсас жаңалықтар