Путин мен Меркель телефонда сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин Германия премьер-министрі Ангела Меркельмен Ливия тақырыбында сөйлесті.

1351140
Путин мен Меркель телефонда сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин Германия премьер-министрі Ангела Меркельмен Ливия тақырыбында сөйлесті. 

Кремль сарайынан жасалған мәлімдемеде Путин мен Меркельдің телефонда әңгімелескені білдірілді.

Екі басшының Берлинде өткен Ливия конференциясында жасалған шешімдердің атқарылуы және қатысты тақырыптарда кеңес құрғаны білдірілген мәлімдемеде Путиннің Ливиядағы тараптармен жасалған шешімдерге координация жасалуы керектігін дәріптегені атап өтілді.

Мәлімдемеде екі басшының да Ливияда атысты түбегейлі тоқтатудың қамдалуы мен саяси диалогтің басталуы үшін халықаралық қоғамның талпынысты арттыруы керектігіне меңзегені білдірілді.

Украина мен Сириядағы оқиғалар да талқыланған кеңесте Путин мен Меркельдің АҚШ президенті Дональд Трамптың ауыз жүзіндегі Орта Шығыс жобасына байланысты көзқарас алмастырғаны атап көрсетілді. 



Ұқсас жаңалықтар