АҚШ лауазымдылары әскери барлау ұшағының Ауғанстанда құлағанын растады

АҚШ армиясы өздеріне тиесілі «E-11A» типі әскери ұшағының құлағанын растады.

1348956
АҚШ лауазымдылары әскери барлау ұшағының Ауғанстанда құлағанын растады

Ауғанстанның Газне қаласында АҚШ-қа тиесілі әскери бір ұшақ құлады. Лауазымдылар ұшақтың құлауымен байланысты тергеудің жалғасқанын білдірді.

АҚШ армиясы өздеріне тиесілі «E-11A» типі барлау ұшағының Ауғанстанда дүйсенбі күні құлағанын растады.

Бірақ ұшақтың құлатылғанын көрсететін бір дәлел табылмағаны білдірілді.

Ауғанстандағы АҚШ күштерінің мәлімдемешісі ұшақтың құлау себебінің толық тергелетінін мәлімдеді. Барлау мақсатты қолданылған ұшақ Газне қаласының Талибан бақылауындағы Дех Як аймағында құлады.

Талибан ұшақты құлатқанын және ішіндегі АҚШ әскерлерінің өлгенін алға тартқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар