Қытайда белгісіз ауру 4 жан алды

Қытайда пайда болған және өкпе қабынуы ауруына ұқсатылған "Сырлы ауру" себепті қайтыс болған кісі саны 4-ке көбейді.

1344728
Қытайда белгісіз ауру 4 жан алды

Қытайда пайда болған және өкпе қабынуы ауруына ұқсатылған "Сырлы ауру" себепті қайтыс болған кісі саны 4-ке көбейді. 

Денсаулық лауазымдылары Хубей уәлаятының Ухан қаласында 2019 жылы желтоқсанда пайда болған жаңа бір коронавирусы себеп болған сырлы аурудан 4 кісінің қайтыс болғанын хабарлады.

Өкпе қабынуына ұқсайтын ауруға себеп болған жаңа коронавирусынан қайтыс болғандардың барлығы Ухан қаласынан екені білдірілді.

Австралиялық денсаулық лауазымдылары Қытайдағы вирустың өршуіне байланысты елде әуежайларындағы тексерудің артатынын хабарлады.

Қытаймен саяхаттар тығыз болған Гонгконг, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдер мен аймақтардың бақылауды күшейткені білдірілді.

АҚШ-та кемінде үш әуежайда Қытайдан келген жолаушылардың денсаулық тексеруінен өткізілгені хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар