Еуроодақ Асад шабуылын айыптады

Стано Астана процесі аясында атысты тоқтатудың маңыздылығын дәріптеді.

1342248
Еуроодақ Асад шабуылын айыптады

Еуропа Одағы Сирияның солтүстік батысындағы Идлиб уәлаятына бағытталған Башар Асад режимі мен Ресейдің шабуылдары жалғасып жатқанына назар аударып, жағдайдың алаң туғызып отырғанын білдірді.

Күнделікті ақпарат жиналысында сұрақтарға жауап берген Еуроодақ Комиссиясының мәлімдемешісі Петер Стано одақтың Сирияда алдымен Идлибтегі жағдайға шоғырланғанын атап өтті.

Астана процесі аясында атысты тоқтатудың маңыздылығына тоқталған Стано бейуаз азаматтарға жәрдемнің жетуі үшін талпыныстарды арттыру керектігін білдірді.

Петер Стано:

"Идлиб уәлаятына бағытталған Башар Асад режимі мен Ресейдің бөліп-жармай жүргізген шабуылдары жан шығынын арттырып отыр. Қазіргі жағдай ауыр алаң туғызуда" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар