Идлибте соңғы екі жарым айда 313 адам қаза тапты

Сирияда Асад режим күштері мен Ресейдің Идлибке жасаған шабуылдары кесірінен соңғы екі жарым айда 313 адам қаза тапты.

1342482
Идлибте соңғы екі жарым айда 313 адам қаза тапты

Сирияда Асад режим күштері мен Ресейдің Идлибке жасаған шабуылдары кесірінен соңғы екі жарым айда 313 адам қаза тапты.

Башар Асад армиясы, Иран қолдауындағы шетелдік террорист топтар мен  Ресейдің шабуылдары салдарынан 2019 жылының қараша айынан бері Идлиб дағдарысты азайту аймағында 313 адам қаза тапты және 382 мың адам қоныс аударды.

Мағлұматтарға қарағанда, Идлиб дағдарысты азайту аймағында мөлшермен 67 мың 104 отбасынан құралған 382 мың 466 адам қоныс аударуға мәжбүр болды.

Екі жарым ай ішінде 100-і бала, 313 адам қаза тапты және 1843 адам жарақат алды.

Сонымен қатар 48 мешіт, 3 азаматтық қорғаныс орталығы, 1 жедел құтқару көлігі,  15 медициналық орын,  11 шатыр кент, 8  су стансасы және  51 мектеп  бомбаланды.

Шабуылдарда 322 миллион долларлық материалдық шығын болды.

 



Ұқсас жаңалықтар