Мысыр полициясы Анадолы агенттігі офисіне басып кірді

Мысыр полициясы Анадолы агенттігінің Каир бөлімшесіне басып кіріп, бір түрік азаматын қамтыған 4 кісіні қамауға алды.

1341543
Мысыр полициясы Анадолы агенттігі офисіне басып кірді

Мысыр полициясы 15 қаңтар күні Анадолы агенттігінің Каир бөлімшесіне басып кіріп, бір түрік азаматын қамтыған 4 кісіні қамауға алды және белгісіз бір жерге әкетті.

Кешкі уақытта офиске кірген полиция күштері қауіпсіздік камараларын жапты және интернет байланыстарын үзді.

Азанға дейін офисте тінту жүргізген полиция күштері қызметкерлердің паспорттарын, ұялы телефондарын және компьютерлерін жинап алып, сыртпен хабарласуларын тосты.

Тінту жүргізген полиция тобы оқиғадан кейін офиске келген Анадолы агенттігінің адвокатына басып кіруге байланысты мәлімет бермеді. 

Полиция артынан адвокатты сыртқа шығарып жіберіп, іздеу жұмыстарын жалғастырды. 

Офистегі Анадолы агенттігі қызметкері мысырлық бір тілші әйелді түн ортасында босатты. Бір түрікті қамтыған 4 кісіні офисте азанға дейін қамады.

Қамалған журналистер азанда полиция тарапынан белгісіз жерге апарылды.

Түркияның Каирдегі елшісі Кемалеттин Ерұйгұр  Мысыр Сыртқы істер министрлігімен хабарласып, оқиғаны басынан бері бақылап отыр.

Сыртқы істер министрлігі Анадолы агенттігінің Каир бөлімшесіне Мысыр полиция күштерінің басып кіріп, бір түрік азаматын қамтыған 4 кісіні қамауға алуын айыптады.    



Ұқсас жаңалықтар