Сомалиде 3 әскер қаза тапты

Сомалиде жол жағасына қойылған бомбаның жарылуы себепті Түрік азаматтарды қорғаған 3 сомалилік әскер қаза тапты.

1340844
Сомалиде 3 әскер қаза тапты

Сомалиде жол жағасына қойылған бомбаның жарылуы себепті Түрік азаматтарды қорғаған 3 сомалилік әскер қаза тапты.

Полиция басшысы Төменгі Шабель аймағының Эласка Бияха ауданында жол жасау жұмысын жүргізген бір компанияда жұмыс істейтін түріктерді қорғаған қауіпсіздік қызметкерлеріне бомбалы шабуыл жасалғанын айтты.

Басшы бомбаның қауіпсіздік көліктері өткен кезде жарылуы себепті 3 әскердің қаза тапқанын, 2 әскердің жараланғанын білдірді.

Түрік қызметкерлердің  астана Могадишоны Афгоие қаласына жалғайтын жол жобасын жүргізіп жатқаны білдірілді.

Түркияның Могадишодағы өкілетті елшілігі шабуылда түрік азаматтарының зиян көрмегенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар