Кербалада Бедир бригадасының орталығы өртенді

Ирактың Кербала уәлаятында шерушілер Хашди Шаабиге қарасты Бедир бригадасының орталығын өртеді.

1339585
Кербалада Бедир бригадасының орталығы өртенді

Ирактың Кербала уәлаятында шерушілер Хашди Шаабиге қарасты Бедир бригадасының орталығын өртеді және әкімшілік ғимаратына кіруге әрекет жасады.

Кербала полициясы қызметкері бір офицердің Анадолы агенттігіне жасаған мәлімдемеге қарағанда көптеген шеруші Кербалада Хашди Шаабиге қарасты Бедир Бригадасы орталығына шабуылдады.

Азаматтық Қорғаныс топтары ғимаратқа тұтас тараған отты сөндіру үшін көптеген өрт сөндіру тобының жұмыс істегенін білдірді.

Кербала уәлаят орталығында губернаторлық ғимаратын да шерушілердің шабуылына ұшырады. Қауіпсіздік күштері қалың жұрттың ғимаратқа кіруіне кедергі жасау үшін көз жасаурататын газ қолданды. Шерушілер болса тас лақтырып, полициямен қақтығысты.

Басра уәлаятында журналисттердің куәлігі анықталмаған шабуылдаушылар тарапынан өлтірілуі ирактықтардың қайтадан шеруге шығуына себеп болды.

Шерушілер сыртқы күштерге бас имейтін тәуелсіз бір үміткердің уақытша кезеңде елді басқаруын талап етеді.



Ұқсас жаңалықтар