Иранға жаңа санкция

Бұл туралы Трамп хабарлады.

1338454
Иранға жаңа санкция

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп Ирактағы базаларға жасалған шабуылдардан кейін Иранға жаңа санкция қоятындарын білдірді.

Ақ Үйде сөйлеген АҚШ президенті Иранмен арадағы дағдарысқа тоқталды.

Америка Құрама Штаттарының Иранның генерал Касым Сүлейманиді өлтіру себептерінің орынды екенін алға тартқан Трамп: «Оны бұдан бұрын өлтіру керек еді.  Обама әкімшілігінің қателерімен Иран қаржылай күшін жинады.  Осы ақшаларды террор үшін жұмсады.  Біз осыны доғардық» деді.

Иранның Ирактағы Американың екі базасына шабуылдауының жауапсыз қалмайтынын білдірген Трамп: «Иранға санкция келтірдік.  Бұдан бұрынғылар ауыр еді, ендігілері одан да ауыр.  Мен оларды бекіттім.  Қазына министрі жариялайды» деді.


Этикеттер: #Трамп , #АҚШ , #санкция , #Иран

Ұқсас жаңалықтар