Бейбітшілік министрлігі құрылды

Министрлік алғашқы жиналысын Кабул қаласында өткізді.

1337671
Бейбітшілік министрлігі құрылды

Ауғанстан президент Ашраф Ғанидің шешімімен Талибанмен бейбітшілік келіссөзін жылдамдату мақсатымен Бейбітшілік министрлігі құрылды.

Мәжілістің рұқсатын да алған министрлік бейбітшілік үрдісіне байланысты алғашқы жиналысын да Кабул қаласында өткізді.

Бейбітшілік министрінің орынбасары Гулам Яхия Аббас жиналыста министрліктің бейбітшілік келіссөздерін үйлесімді өткізу,  барлық мекеме мен ұйымдармен ақылдасу мақсатында жұмыс істейтінін айтты.

Жоғары Бейбітшілік кеңесінің де Талибанмен бітімге келі тақырыбында көмектесетінін тілге тиек еткен Аббас кеңестің тәжірибелерін пайдаланатындарын айтты. Ауғанстан Жоғары Бейбітшілік кеңесі бұрынғы президент Замит Карзай тарапынан 2010 жылы құрылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар