Иранның діни басшысы Али Хаманей мәлімдеме жасады

Хаманей: "Түнде оларға бір ескерту жасалды, дегенмен бұл жеткіліксіз".

1336967
Иранның діни басшысы Али Хаманей мәлімдеме жасады

Иранның діни басшысы Али Хаманей АҚШ-тың аймақтағы болмысын аяқтау керектігін атап көрсетті.

Иран Мемлекеттік телеарнасының хабарына қарағанда Хаманей Тегерандағы баяндамасында Ирактағы АҚШ базаларына бағытталған шабуылдармен байланысты «Түнде оларға бір ескерту жасалды, дегенмен бұл жеткіліксіз. АҚШ-тың осы аймақтағы болмысы аяқталу керек» деді.

Баяндамасында Ирактың бас қаласы Бағдатта АҚШ шабуылында өлтірілген генерал Касым Сүлейманиді мақтаған Хаманей «Халықтың міндеті - дұшпанын дұрыс тану. АҚШ, сионисттер және әлемдік империализм - Иранның дұшпаны. Ирак Мәжілісінің АҚШ-ты елден шығару туралы шешімін ризашылықпен қарсы аламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар