Марк Эспер: "Ирактан кері шегіну жоспарымыз жоқ"

АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспер Ирактан кері шегіну жоспарлары болмағанын жариялады.

1335897
Марк Эспер: "Ирактан кері шегіну жоспарымыз жоқ"

АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспер және АҚШ Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Марк Миллей Қорғаныс министрлігінде журналисттермен бас қосты.

АҚШ-тың әскери болмысын күшейту мақсатты аймаққа қосымша әскер жібергенін жеткізген Эспер әлеуметтік медиада орын алған хатпен байланысты «Ирактан кері шегінумен байланысты кезкелген бір шешім қабылданған емес. Хаттың не екенін білмейміз, бірақ тексереміз. Дегенмен күн тәртібімізде шегінумен байланысты бір жоспар жоқ» деді.

Эспер хат туралы «Аймақта күштерімізді қайтадан қоныстандырамыз. Мен хатты бір рет оқып шықтым. Мынаны айта аламын, хат біздің тұғырымызбен сәйкес келмейді» деді.

АҚШ-тың Ирак қызмет күші қолбасшысының Ирак үкіметіне бір хат жолдағаны, Ирак парламенті және премьер-министрлігінің сұранысымен Ирактан шегінетіндерін білдіргені алға тартылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар