Ирак премьер-министрі АҚШ-ты айыптады

"АҚШ қастандығы - елдің егемендігін таптау" деді ол.

1334092
Ирак премьер-министрі АҚШ-ты айыптады

Ирак премьер-министрі Адил Абдулмехди Иран Төңкеріс сарбаздары армиясына қарасты қолбасшы Касым Сүлеймани және Хашди Шааби төрағасының орынбасары Әбу Мехди әл Мүхендистің АҚШ шабуылында өлтірілуінің елінің егемендігін таптау екенін білдірді.

Абдулмехди жазбаша хабарлама жариялап,  Сүлеймани, Мүхендис және басқа да тұлғалардың АҚШ шабуылында өлтірілуін айыптады.

Ол «Сүлеймани және Мүхендистің ДАИШ-ке қарсы жеңісте символ лидерлер» екенін айтты.

«Ресми міндет атқарған Ирак әскери лидерінің қастандығы - Ирак халқы, мемлекеті және үкіметіне қарсы дұшпандық. Ирак және бауырлас елдерден (Иран) әскери лидерлердің Ирак жерінде өлтірілуі -  еліміздің егемендігіне шабуыл, отанның абыройына шабуыл.  Айырықша осы шабуыл Ирак және аймақта қиратушы соғысты бастатады. Шабуыл АҚШ әскерлерінің Ирактағы болмысына бағытталған шарттарға да қайшы» деді ол.

Премьер-министр шабуылды талқылау мақсатты мәжілісте төтенше жиналыс өткізуге шақырды.



Ұқсас жаңалықтар