Еуроодақ Ирактағы қақтығыстардан алаңдап отыр

Еуропа Одағы Ирактағы АҚШ өкілетті елшілігіне жасалған шабуылдан алаңдап отырғандарын жариялады.

1332769
Еуроодақ Ирактағы қақтығыстардан алаңдап отыр

Еуропа Одағы Ирактағы АҚШ өкілетті елшілігіне жасалған шабуылдан алаңдап отырғандарын жариялады.

Еуроодақ комиссиясының мәлімдемешісі Петер Стано әлеуметтік ақпарат желісінен жариялаған мәлімдемесінде ирактық лауазымдылардың дипломатиялық қызметкерлерді қорғауға жауапкер екеніне назар аударды.

Еуропа Одағының Ирактағы АҚШ өкілетті елшілігіне жасалған шабуылдан алаңдап отырғанын жеткізген Стано Иракта ДАИШ-пен күрес коалициясының нысанаға алынуын да айыптағанын жеткізді.

Стано Еуроодақтың Ирактағы реформаларды және халықтың бейбітшілік талаптарын қолдауы жалғасатынын білдірді.

АҚШ әкімшілігінің Хашди Шабиге қарасты Хизбуллах ұйымына қарсы ұйымдастырған шабуылдарды протест ету мақсатымен Бағдатта үкімет ғимараттары орналасқан Жасыл аймақтағы АҚШ өкілетті елшілігі алдына жиналған жүздеген адам алдымен елшілік ғимараты қабырғасын өртеп, артынан елшілік ғимараты ішіне кірген болатын.

Елшіліктегі қауіпсіздік күштерінің қарсы шығуымен 20 ереуілші жараланған.



Ұқсас жаңалықтар