Германияның қару саудасы рекорд жаңартты

Германияның қару және әскери материал саудасы биыл шамамен 8 миллиард евроға жетті.

1330681
Германияның қару саудасы рекорд жаңартты

Германияның қару және әскери материал саудасы биыл шамамен 8 миллиард евроға жетіп, рекорд жаңартты.

Сол партияның сұрағына жауап берген Германия Экономика және энергетика министрлігі үкіметтің биылғы қаңтар-желтоқсан айларында 7 миллиард 950 миллион евролық қару және әскери материал саудасына рұқсат бергенін білдірді.

Мәліметке қарағанда, биыл Германия ең көп қаруды Еуропа Одағы мен НАТО-ға мүше Венгрияға сатты. Берлин әкімшілігі Венгрияға шамамен 1 миллиард 770 миллион евролық қару-жарақ саудасына рұқсат берді.

Адам құқықтарын бұзушы және Йеменде хоуситтермен күреске коалиция күштерін басқарған Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктеріне қолдау берген Мысыр Венгриядан кейін екінші орында келеді.  Артынан үшінші орында Америка Құрама Штаттары бар.



Ұқсас жаңалықтар