2019 Куала-Лумпур саммиті басталды

Малайзия премьер-министрі ешбір мұсылман елдің «дамыған ел» саналмағанын атап көрсетті.

1326184
2019 Куала-Лумпур саммиті басталды

Малайзия премьер-министрі Махатхир Мұхаммед бүгінгі таңда ешбір мұсылман елдің «дамыған ел» деп аталмағанын атап көрсетті.

2019 Куала-Лумпур саммитінің ашылу рәсімінде баяндама жасаған премьер-министр Махатхир Мұхаммед мұсылмандар мен Исламның қазір терроризм және мемлекеттік билікті нашар  басқарумен теңелгенін атап көрсетті. Мұхаммед Ислам дінінің жала жабу және жәбірлеуге душар болғанын баса айтты.

Мұсылмандардың тарихта дамыған өркениеттер салғанын және Исламның сабақтастығын бүкіл әлемге таратқанын білдірген Махатхир «Ал қазіргі әлемнің құрметінен айырылдық. Біз енді не ғылымның бұлағы, не болмаса өркениеттің өнегелі мысалымыз» деді.

Қазір ешбір мұсылман елдің «дамыған» деп аталмағанын баса айтқан Махатхир «Барлық байлықтарына қарамастан бұл елдер дамыған категорияда орын алады. Бұл елдер өкінішке орай әлсіз және Ислам үмбетін қорғауда жеткіліксіз» деді.

Мұсылман әлемінің проблемаларға шешім табу үшін Куала-Лумпур саммитін ұйымдастырғандарын атап көрсеткен Малайзия премьер-министрі «Осында жиналған бірнеше елмен бірге кейбір нақты бағдарламалар мен бастамалардың ізіне түсу мақсатты үміт отын жағуды жоспарлаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар