Ливиядағы ұлттық мобилизацияға Джаду қаласы да қосылды

Ливияда тағы бір қала Триполиді қорғау үшін ұлттық мобилизация жариялаған қалалар қатарына қосылды.

1325538
Ливиядағы ұлттық мобилизацияға Джаду қаласы да қосылды

Бас қала Триполидың оңтүстігіндегі Джаду қаласындағы әскери және азаматтық құрылымдар бас қала мен Ливия жерін елдің шығысындағы төңкерісшіл Халифа Хафтер күштеріне қарсы қорғауға дайын екендерін білдірді.

Хафтерге қарасты күштер Триполидегі тұрғын аймақтарына «Grad» зымырандарымен шабуылдады.

Шабуылда адам немесе мүлік шығыны болғаны жайлы мағлұмат берілмеді.

Үкіметке қарасты күштер болса Триполидың оңтүстігіндегі Эл-Ермук аймағында Хафтерге тиесілі оқ-дәрі жүктелген бір көлікті жойды.

Ливияның шығысындағы қарулы күштердің басшысы Хафтер бас қала Триполиді бақылауға алу үшін 4 сәуір күні шабуылға тапсырма берген, Халықаралық заңдылығы бар Ұлттық Келіссөз Үкіметі жасақтары операция бастаған болатын.

Төңкерісшіл генерал Хафтердің шабуыл тапсырмасына қарсы елдің батысында Мисрата қаласынан бастап 7 қалада мобилизация басталған болатын.



Ұқсас жаңалықтар