Альберто Фернандес ант ішіп, міндетке бастады

Фернандес: "Біз басқаларға қолдау беру үшін құрылған саяси қозғалыспыз" деді.

1321612
Альберто Фернандес ант ішіп, міндетке бастады

Аргентинада міндетке келген жаңа президент Альберто Фернандес Президенттік сарай алдында ұлтқа үн қатып, аштықты аяқтататынын айтты.

Ант ішіп, міндетке бастаған Фернандес үкіметтің алғашқы күнінде астана Буенос Айрестің тарихи орталығы Плаза Маядағы Президенттік сарай ғимараты алдында жиналған он мыңдаған адамға үн қатты.

Фернандес әкімшілігінің 4 жыл бойынша халықпен ұйымшылдық ішінде болатынын білдіріп:

"Біз басқаларға қолдау беру үшін құрылған саяси қозғалыспыз" деді.

Аргентинада кедейлер мен шетке қағылғандарға жәрдемші болатындарын білдірген Фернандес үкіметтің елді экономикалық қиындықтан құтқаратынына уәде берді.

Мәжілісте ант ішіп, ескі президенттен міндетті өткізіп алған Альберто Фернандес 2023 жылға дейін мінтдет атқарады.



Ұқсас жаңалықтар