Санна Марин әлемдегі ең жас премьер-министр болды

Мариннің премьер-министрлік міндетіне бастауымен Финляндиядағы бес коалиция ортағының барлық лидерлері әйелдер болады.

1320166
Санна Марин әлемдегі ең жас премьер-министр болды

Финляндияда бұрынғы премьер-министрдің отставкаға кетуімен жалпы сайлауда премьер-министрлік тағына отырған Санна Марин әлемдегі ең жас премьер-министр атағына ие болды.

Санна Марин сонымен бірге Финляндия тарихындағы үшінші әйел премьер-министрі болып сайланды.

Бес партиялы коалиция үкіметінің ең ірі партиясы Социял Демократ партиясының лидері 34 жастағы Санна Мариннің апта ішінде ант ішіп, міндетке келуі күтілуде.

Мариннің премьер-министрлік міндетіне бастауымен Финляндиядағы бес коалиция ортағының барлық лидерлері әйелдер болады.

Санна Марин журналистерге жауабында: "Сенімді қайта орнату үшін көп еңбектенуіміз керек" деді.

Әлемдегі ең жас премьер-министр болғаны ескертілген Марин:

"Жасымды немесе жынысымды ойлап әрекет жасаған емеспін. Мен үшін маңыздысы саясатқа келу себебім және сайлаушылардың соңғы сайлауда бізге сенім артуы" деп көрсетті.

Премьер-минитср Марин екі кезектен бері Тампера депутаты ретінде парламентте міндет артарып келеді, маусым айынан бері Ринне үкіметінде Қатынас және Коммуникация  министрі міндетін атқарды.



Ұқсас жаңалықтар