Иран Сыртқы істер министрі Стамбулда мәлімдеме жасады

Иран Сыртқы істер министрі Джевад Зариф АҚШ-пен одан ауқымды тұтқын алмастыру келісіміне дайын екендерін атап айтты.

1320614
Иран Сыртқы істер министрі Стамбулда мәлімдеме жасады

Зариф ресми твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде «Кепілдікке алынған азаматтарымыз үйлеріне келген соң АҚШ-пен одан ауқымды бір тұтқын алмастыру кезеңіне дайынбыз. Бұл тақырыпта соңғы сөзді АҚШ сөйлейтін болады» деді.

Азияның Жүрегі Стамбул кезеңі министрлер конференциясына орай Стамбулға келгенін еске салған Зариф аймақта дипломатиямен шұғылданғандарын және күштерін Ауғанстандағы бейбітшілік пен ілгерілеу үшін біріктіруді қалағандарын атап көрсетті.

Зариф хабарламасында санкцияларды бұзғаны алға тартылып 1 жылдан астам уақыттан бері АҚШ-та қамаулы ирандық ғалым Месуд Сүлейманидің 7 желтоқсан сенбі күні еркін жіберілгенін жариялаған болатын.

Ирандық министр Сүлейманидің еркін жіберілуімен 2016 жылы тыңшылық айыбымен тұтқындалған қытай текті АҚШ азаматы Xiyue Wang-тың қысқа уақыттың ішінде еліне қайтарылуы үшін қажетті шаралардың іске қосылғанын білдірген болатын. Зариф Сүлейманиді қабылдап алу үшін арнайы ұшақпен Швейцарияның Цюрих қаласына барған еді.

АҚШ президенті Дональд Трамп болса Иран мен АҚШ арасында жасалған тұтқын алмастыруға тоқталып «шетелде қателікпен тұтқындалған барлық азаматтарымызды үйге әкелу үшін өте ауқымды жұмыстар бастадық» деп мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар