Неджефтегі Иран бас консулдық ғимараты қайта өртенді

Оқиғамен байланысты Неджеф полициясы мәлімдеме жасады.

1315756
Неджефтегі Иран бас консулдық ғимараты қайта өртенді

Ирактың Неджеф қаласындағы шерулер кезінде Иран бас консулдығы ғимараты қайтадан өртенді.

Полиция ақпарат көздеріне қарағанда Неджефтегі Иран бас консулдық ғимараты жалғасып жатқан шерулер кезінде кім екені белгісіз адамдар тарапынан қайтадан өртенді.

Куәгерлер оқиға кезінде бас консулдық ғимаратында ешкім жоқ екенін атап көрсетті.

Қорғаныс топтарының өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар