Еуроодақ Комиссиясы сенім дауысын алды

Урсуле фон дер Ляйен төрайым болған Еуропа Одағы Комиссиясы Еуропа Парламенті Жалпы Кеңесінде сенім дауысын алды.

1313708
Еуроодақ Комиссиясы сенім дауысын алды

Урсуле фон дер Ляйен төрайым болған Еуропа Одағы Комиссиясы Еуропа Парламенті Жалпы Кеңесінде сенім дауысын алды.

Францияның Стразбург қаласында өткен отырыста жаңа сайланған Еуропа Одағы Комиссиясының төрайымы Урсуле фон дер Ляйеннің 27 кісіден құралған тобы дауысқа салынды.

Дауыс беруде 461 "мақұл", 157 "жоқ" дауысы берілді, 89 дауыс қалыс қалды.

Жаңа комиссия міндетті 1 желтоқсан күні өткізіп алады. 

Урсуле фон дер Ляйеннің комиссиясы 2024 жылы 31 қазанға дейін міндет атқарады.

Еуропа Парламентінің осының алдында француз, венгр және румын мүшелерді мақұлдамауына орай жаңа комиссия 1 қарашада міндетке бастай алмады..



Ұқсас жаңалықтар