Бас консулдық ғимаратын өртеді

Қалада коменданттық сағат жариялады.

1313759
Бас консулдық ғимаратын өртеді

Ирактың оңтүстігіндегі Неджеф қаласындағы шерулер барысында Иранның бас консулдық ғимараты өртелді.

Оқиғалар асқынғаннан кейін Неджеф операциялар қолбасшылығы қалада коменданттық сағат жариялады.

Бас қала Бағдатпен қоса Мусенна,  Кадисие және Зикар уәлаяттарында да шерушілер мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс шықты. Ондаған адам жарақат алды. Кадисиеде бүгін демалыс жарияланды.

Неджефтегі шерушілер бұдан бұрын да Иран бас консулдық ғимаратын өртеген болатын.

Иракта жұмыссыздық, жемқорлық және мемлекеттік қызметтің жеткіліксіздігіне наразылық білдіру мақсатымен 1 қазан күні басталған шерулерде 300-ден астам адам қаза тапты, 15 мыңнан астам адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар